Foreign Policy журналы Путинді әлемдегі ең беделді адам деп таныды

Фотография - Foreign Policy журналы Путинді әлемдегі ең беделді адам деп таныды

деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі

125 0

Foreign Policy американдық журналы 2012 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Президенті Владимир Путинді әлемдегі ең беделді адам деп таныды, деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі.

Нақтырақ айтқанда, Путин рейтингтің екінші орнында тұр, себебі басылым бірінші орынды ашық қалдырды. Авторлардың пікірінше, қазіргі әлемнің «барлығы ең ауыр және қауіпті қыр көрсетулері үшін жауапкершілікті мойнына жүктеуге дайын тағы біреуді тосуда».

Үшінші орынға АҚШ Федералды резервтік жүйесінің басшысы Бен Бернанке орналасты. Рейтингтің алғашқы ондығына сондай-ақ Германия Канцлері Ангела Меркель, АҚШ Президенті Барак Обама, Еуропалық Орталық банктің төрағасы Марио Драги, Қытай  Коммунистік партиясы ОК бас хатшысы Си Цзиньпин, Иран Ислам Респубиткасының бас көшбасшысы Аятолла Али Хаменеи, Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард және Сауд монархы Абдалла Бен Абдель Азиз Аль Сауд енді.

Бұған дейін әлемнің ең беделді адамдарының тізімін Forbes журналы ұсынған болатын. Онда рейтингтің көшбасшысы екі жыл қатарынан Обама болды, екінші орынға Меркель, одан кейін Путин орналасты.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!