Иракта премьердің отставкаға кетуін талап етті

Фотография - Иракта премьердің отставкаға кетуін талап етті

Иракта мыңдаған наразылық танытушылар бейсенбіде түрмедегі тұтқындарды босатуды және премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір аптаға созылған демонстрацияларға негізінен елдің сүнниттер басым тұратын аймақтарының тұрғындары қатысып жатыр

139 0

Иракта мыңдаған наразылық танытушылар бейсенбіде түрмедегі тұтқындарды босатуды және премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір аптаға созылған демонстрацияларға негізінен елдің сүнниттер басым тұратын аймақтарының тұрғындары қатысып жатыр.

Шииттердің діни жетекшісі Мұқтада әл-Садр сүнниттердің наразылық шерулерін қолдаған соң, оған Бағдат пен елдің оңтүстік аймақтарындағы шиттер де қосылды.

Демонстранттардың кейбір талаптарын орындауға тырысқан билік түрмедегі 11 әйелді босатып, қалған сотталған әйелдерді өздері тұратын аймақтардағы түрмелерге ауыстыруға уәде берді.

Сүнниттер шииттерден шыққан премьер Нури әл-Малики үкіметін "терроризмге қарсы күрес туралы заңды өздеріне қарсы пайдаланып отыр және кемсітушілік жасайды" деп наразылық білдіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!