Бразилияда 400-ге жуық тұрғын далада қалды

Фотография - Бразилияда 400-ге жуық тұрғын далада қалды

Бразилияда төпелеп жауған нөсер су тасқынына ұласып, жүздеген адам баспанасыз қалды

156 0

Бразилияда төпелеп жауған нөсер су тасқынына ұласып, жүздеген адам баспанасыз қалды.

Билік өкілдері Рио-де-Жанейро мен оның маңындағы елдімекендерде болған апаттан әзірге 1 адамның мерт болғанын, 400-ге жуық тұрғынның далада қалғанын мәлімдеді. Апат болған аймақтардағы тұрғындар су деңгейінің тез арада көтерілгенін айтты. Қазір зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Елдің бірнеше қаласында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы соңғы жылдары елде су тасқыны мен лай көшкінінен жүздеген адам қаза тапқан. Тек былтыр елде ең ірі су тасқыны болып, мемлекет 1,5 миллиардқа жуық шығынға ұшыраған.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!