Ауғанстандағы еврейлер туралы қолжазбалар жарияланды

Фотография - Ауғанстандағы еврейлер туралы қолжазбалар жарияланды

Израиль мемлекеттік кітапханасы Ауғанстанда осыдан жүздеген жылдар бұрын өмір сүрді делінген еврейлер қауымдарының қолжазбаларының көрмесін өткізді

484 0

Израиль мемлекеттік кітапханасы Ауғанстанда осыдан жүздеген жылдар бұрын өмір сүрді делінген еврейлер қауымдарының қолжазбаларының көрмесін өткізді.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, қолжазбалар Ауғанстанның солтүстігіндегі үңгірлерде сақталып қалған. Олардың кейбірінің 1 мың жылдық тарихы бар. Кітапхана таяуда Иерусалимде бір саудагерден 29 қолжазба алған.

Бірақ қолжазбалардың Ауғанстаннан қалай алынғаны белгісіз. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, "ауған генизасы" (синагогаларда құпия деректер сақталатын орын) деп аталып кеткен қолжазбалар осыдан 1 мың жыл бұрын Ауғанстанның аталған аймағында еврей қауымдары болғанын дәлелдейді. Олар қолжазбалар еврей заңдары бойынша құдайдың аты жазылған құжаттарды жоюға болмайтын болғандықтан сақталып қалған. Қолжазбаларда ежелгі еврей, арамей, еврей-араб және еврей-парсы сөздері кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!