Депардье Ресейден азаматтық сұрағанын растады

Фотография - Депардье Ресейден азаматтық сұрағанын растады

Француз актері, 63 жастағы Жерар Депардье Ресейден өзіне азаматтық беруді сұрағанын растады. Ресей президенті Владимир Путин кеше француз актеріне азаматтық беру туралы бұйрық шығарған

146 0

Француз актері, 63 жастағы Жерар Депардье Ресейден өзіне азаматтық беруді сұрағанын растады. Ресей президенті Владимир Путин кеше француз актеріне азаматтық беру туралы бұйрық шығарған.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Депардье ресейлік БАҚ-тарға Путиннің өзінің өтінішін қанағаттандырғанына алғыс білдірген хатын жолдаған.

Хатында ол Ресейді "демократиялық ел" деп атап, ол елде өмір сүрудің "тамаша екенін" айтқан.

Депардье Франция билігімен салық салуға байланысты келісімге келе алмай қалған еді.

Франция президенті, социалист Франсуа Олланд 1 миллион еуродан көп табысы барларға 75 пайыздық салық салуды көздеп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!