Израиль Мысырмен арадағы «қауіпсіздік дуалы» құрылысын аяқтады

Фотография - Израиль Мысырмен арадағы «қауіпсіздік дуалы» құрылысын аяқтады

Израиль Мысырмен шектесетін тұста «қауіпсіздік дуалын» тұрғызды. Осының құрметіне кеше салтанатты шара өтіп, оған ел тізгінін ұстаған Премьер-министр Биньямин Нетаньяху, қауіпсіздік қызметінің басшылары, сондай-ақ, заңсыз иммигранттарды еліне қайтарумен айналысатын уәкілетті өкіл Хагай Адас қатысты

113 0

Израиль Мысырмен шектесетін тұста «қауіпсіздік дуалын» тұрғызды. Осының құрметіне кеше салтанатты шара өтіп, оған ел тізгінін ұстаған Премьер-министр Биньямин Нетаньяху, қауіпсіздік қызметінің басшылары, сондай-ақ, заңсыз иммигранттарды еліне қайтарумен айналысатын уәкілетті өкіл Хагай Адас қатысты.

«Жеті айдың ішінде Израилге бірде-бір заңсыз иммигрант өткен жоқ,- деді премьер өз сөзінде. – Шекараны заңсыз кесіп өтетіндердің жолын кестік. Он мыңдаған адамды өз елдеріне қайтаруды да ойдағыдай атқарамыз». Оның айтуынша, бұл іс басталып та кеткен көрінеді.

Төрт жылға жоспарланған дуал құрылысы екі жылдың ішінде аяқталған. Оның ұзындығы – 230 шақырым, оған кеткен қаржы – 430 млн-дай долларды құрайды. «Өткен жылы шекараны кесіп өтетіндердің саны азайған. Өткен жылдың қаңтар айында Израиль аумағына 2153 шетелдік заңсыз өткен. Өткен айда 36 адам шекараны заңсыз кесіп өткен. Олар дереу тұтқындалды»,-делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!