Әзірбайжан Президенті жылдың ең жемқор адамы атанды

Фотография - Әзірбайжан Президенті жылдың ең жемқор адамы атанды

Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті жылдың ең жемқор адамы атады

216 0

Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті жылдың ең жемқор адамы атады, деп хабарлады РОСБАЛТ.

Мәлім болғандай, «Жыл адамы» сыйлығы 2012 жылы қылмыс және сыбайлас жемқорлық тарихында ерекше орын алған адамға беріледі. Бұл жолы сыйлықтың иегерін 60 журналист пен 15 БАҚ таңдады. Айта кетейік, олар Сыбайлас жемқорлвқ және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мүшелері.

Аталмыш орталықтың мәліметтеріне қарағанда, биыл Әлиевтің әулеті мемлекеттік келісім-шарттар арқылы телекоммуникация, пайдалы қазбалар, құрылыс және өндіріс сияқты салаларда қомақты сомада кіріс көзін тапқан көптеген фактілері мәлім болған соң И. Әлиев «осы жүлдеге лайық» деп таңдалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!