300-ден астам тұрғын баспанасыз қалды

Фотография - 300-ден астам тұрғын баспанасыз қалды

Австралияның Тасмания аралында орман өртенді

114 0

Австралияның Тасмания аралында орман өртенді.

Даналли қаласында 80-ге жуық үй жалын құшағында қалып, 300-ден астам тұрғын баспанасыз қалды. Қазір қауіп төнген аймақтардан адамдар көшіріліп жатыр.  Тілсіз жауды ауыздықтауға жүздеген өрт сөндіруші жұмылдырылған. Апатқа аптап ыстық себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені Хобарт қаласында сынап бағанасы +41,8⁰С-ді көрсетіп тұр. Қазірге апаттан зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ. Ауа райын болжаушылар «аймақтағы құрғақшылық келесі аптаның ортасына дейін жалғасады» дейді. Жалпы, елде мұндай аптап ыстық 1983 жылдан бері тіркелмеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!