Австралияда ормандар өртеніп жатыр

Фотография - Австралияда ормандар өртеніп жатыр

Австралиядағы орман өрттері қазірдің өзінде жүзден астам үйді жалмады

169 0

Австралиядағы орман өрттері қазірдің өзінде жүзден астам үйді жалмады. Құтқару командалары орман өрттері жайлаған Тасмания аралдарында із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруде.

Көптеген туристер мен жергілікті тұрғындар от қоршауында қалды. Қасіретке ұшырғандардың нақты саны беймәлім, дегенмен, өкімет орындарының мәліметтеріне қарағанда, мыңға тарта адам тап болған. Кейбір жағажайлар аузы-мұрнынан шығып толған: бірқатар жерлерде жалын тілі жағалауға жақындап қалды, адамдар мұхитқа қашып жан сақтауда. Куәгерлердің айтуынша, жалынның биіктігі он метрге жетті, ағаштар от-шашу тәрізді ұшқын атып жанып жатыр.

Австралия құрлығында орман өрттері бой бермей тұр. Оның себебі - елдің оңтүстігіндегі бұрын-соңды болмаған аптап ыстық.

Өрт сөндірушілер жақын уақыттарда ауаның температурасы төмендеп, желдің жылдамдығы бәсеңдейді деген синоптиктердің болжамына үміттеніп отыр. 


Тегтер:

өрт орман

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!