Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның барлық балаларына бір келі кәмпиттен сыйлады

Фотография - Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның барлық балаларына бір келі кәмпиттен сыйлады

Бұл дәстүрді оның атасы Ким Ир Сен 1980 жылы қалыптастырып кеткен болатын

206 0

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын өзінің туған күні құрметіне елдің барлық балаларына бір келі кәмпиттен жіберді.

Бұл дәстүрді оның атасы Ким Ир Сен 1980 жылы қалыптастырып кеткен болатын. Тәттілер ұшақпен он жастан аспайтын балаларға жеткізілді. Басылымның жазуынша, ел тұрғындары ұшақтарды үлкен қуанышпен қарсы алып жатты. Сеул Экономикалық зерттеулер институты талдаушыларының пайымынша, бұл акция «елдің жомарт және қамқор көшбасшысының» имиджін ұстап тұруға және «жас көшбасшыға табынуды» бекіте түсуге бағытталған.

Айта кету керек, бұрын Солтүстік Кореяда билеушінің туған күні мемлекеттік мереке болып келді, бірақ Ким Чен Ынның туған күні - 8 қаңтар әзірше мейрам ретінде жарияланған жоқ. Ким Чен Ын мемлекеттің басшылығына өзінің әкесі Ким Чен Ир 2011 жылдың желтоқсанында қайтыс болғаннан кейін келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!