Обама Пентагон мен ЦРУ-ға жаңа басшы ұсынды

Фотография - Обама Пентагон мен ЦРУ-ға жаңа басшы ұсынды

Енді олардың кандидатурасын АҚШ сенаты мақұлдауы керек.

129 0

АҚШ президенті Барак Обама Чак Хейглді қорғаныс министрі қызметіне, ал өзінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі кеңесшісі Джон Бреннанды Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры қызметіне ұсынды. Енді олардың кандидатурасын АҚШ сенаты мақұлдауы керек.

Чак Хейгл - Въетнам соғысының бұрынғы ардагері, Израильдің Иранға қарсы әскери соққы беру туралы қоқан-лоқысын сынап жүрген әскери. Ол "АҚШ-та еврей лоббиі бар" деп, Израильді жақтаушылардың шамына да тиген. Хейгл Ауғанстанның болашағы туралы келіссөздерге Иранды да қатыстыруды қолдайды. 

Сарапшылардың пікірінше, Хейгл Ауғанстандағы АҚШ әскерилерін жедел шығаруды да көздейді.

Республикашыл сенатор Джон Корнин Хейглдің қорғаныс министрлігіне тағайындалуы "АҚШ-тың өз одақтасы Израиль мен Таяу Шығыстағы басқа да серіктес елдерге деген теріс көзқарасын білдіреді" деді.  

Джон Бреннан ЦРУ-да бұған дейін 25 жыл әртүрлі қызметтер атқарған. ЦРУ-дың Сауд Арабиясындағы резидентурасын басқарды. Барак Обама Бреннанның терроризмге қарсы күрес жұмыстарын басқарғанын, оның әсіресе 2011 жылы "Әл-Қаиданың" бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладеннің көзін жою операциясында маңызды рөл атқарғанын айтты.


Тегтер:

Обама

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!