Қыршын кеткен қыз-ғұмыр

Фотография - Қыршын кеткен қыз-ғұмыр

Бүгін Үндістанда жақында болған атышулы оқиғаға қатысты сот процесі басталды.

132 0

Бүгін Үндістанда жақында болған атышулы оқиғаға қатысты сот процесі басталды. 23 жастағы студент қызды қоғамдық көлікте зорлаған қылмыскердің бесеуі сот алдында жауапқа тартылды.

Оларға тағылған айыпты сот жеткілікті деп шешсе, қылмыскерлердің өлім жазасына кесілуі әбден мүмкін. Ал кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің ісі жеке қаралатын болады. Сот кезінде қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, жабық түрде өтті. Оқиғадан кейін күллі үнді халқы бас көтеріп, бірнеше апта бойы ереуілдетіп, соның салдарынан бірнеше адам қаза тапқан еді. Айта кетерлігі, зорлықтың құрбаны болған Джиоти Сингх Панди ауруханада көз жұмған болатын. Наразы халық әлі де болса қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді талап етуде. Марқұмның ата-анасы да оларды қатаң жазалауды талап етіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!