Белорусь консулы суға тұншығып қайтыс болды

Фотография - Белорусь консулы суға тұншығып қайтыс болды

Рио-де-Жанейроның жағажайында орын алған қайғылы оқиға салдарынан осы елдегі Белорусьтің бас консулы Сергей Гуревский көз жұмды.

216 0

Рио-де-Жанейроның жағажайында орын алған қайғылы оқиға салдарынан осы елдегі Белорусьтің бас консулы Сергей Гуревский көз жұмды. Ол жексенбі күні мегаполистің батыс бөлігінде орналасқан Резерва жағажайында шомылып жүріп, суға батып кеткен.

Қалалық құтқару қызметіндегілер хабарлағандай, Сергей Гуревский суда жүзіп жүрген сәтінде үлкен толқын оны мұхитқа қарай ағызып алып кетіпті. Жағаға қайта жүзіп келуге консулдың күші жетпеген. Құтқарушылар оны судан алып шығып, ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Бүгінгі таңда Белорусь елінің елшілері Сергей Гуревскийдің денесін Минск қаласына жеткізуді қолға алып жатыр. Айтуларынша, қайтыс болған консулдың қызмет мерзімі 4 қаңтар күні аяқталып қойған және ол елге қайту үшін жолға әзірленген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!