Контрабандист мысық

Фотография - Контрабандист мысық

Бразилиядағы абақтылардың бірінде қарауылшылар сотталғандарға контрабанда тасымалдамақ болған мысықты ұстады.

213 0

Бразилиядағы абақтылардың бірінде қарауылшылар сотталғандарға контрабанда тасымалдамақ болған мысықты ұстады.

Оқиға Жаңа жыл мерекесі күндері орын алған. Бірақ, қылмыскерлердің түзету мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу үшін мақұлықты пайдалану әрекеті іске аспады. Мысыққа артылған «жүкті» түрменің бас қақпасының алдындағы қарауылшылар байқап қалған көрінеді. Мысықтың арқасына бұрғылар мен егеулер, зарядтағыш құрылғысымен жабдықталған ұялы телефон және басқа да заттар скочпен байланған. Белгілі болғандай, бұл заттар Арапирак қаласының абақтысынан қашуға бел буғандардың дайындығына арналыпты. Ұсталған мысықтағы заттардың барлығы тәркіленді, ал мақұлық жергілікті ветеринарлық орталыққа жеткізілді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Бір қызығы, осы іске қатысты түрменің барлық 263 сотталушысы күдікті ретінде қарастырылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!