Австралияда 100-ден астам адам жоғалып кетті

Фотография - Австралияда 100-ден астам адам жоғалып кетті

Бір аптадан астам уақытқа созылған орман өрттері Австралия тұрғындарын әбден әбігерге салды

153 0

Бір аптадан астам уақытқа созылған орман өрттері Австралия тұрғындарын әбден әбігерге салды. Тілсіз жау шығыс жағалауға жайылып, елді-мекендер түгел өртеніп кеткен. Соның салдарынан баспанасыз қалғандардың саны мыңдап саналса, іс-түссіз жоғалғандар тізімі де сағат санап ұлғайып, бүгінде 100-ден асып кеткен.

3 қаңтар күні елдің оңтүстік-шығысында басталған өрт әп-сәтте сол маңдағы орманға тарап кеткен. Қызыл жалынның тез жайылуына аптап ыстық пен қатты жел әсер еткен. Қазіргі таңда Австралиядағы алты штаттың бесеуінде 40-тан астам орман өрттері тіркелген. Сондықтан, ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, 3 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қатты зардап шеккен Тасмания штатында қазір із-түссіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Полицейлердің айтуынша, осы аймақта болған жүзге жуық жергілікті тұрғын мен туристердің қайда екендігі белгісіз. Ал, өрт сөндірушілер жақын уақытта ауа температурасы төмендейді деген синоптиктердің болжамына үміттеніп отыр.


Тегтер:

өрті орман

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!