Немістер өз елінде қорлық көріп жатыр

Фотография - Немістер өз елінде қорлық көріп жатыр

Оның айтуынша, сәбилерді қатарластары неміс болғандығы үшін алалайды екен.

161 0

Германияның отбасы ісі жөніндегі министрі Кристина Шредер кеше мемлекеттік телеарнадан сөз сөйлеп, ұлты неміс балалардың өз елінде тұрып қорлық көріп жатқандығын мәлімдеді. Оның айтуынша, сәбилерді қатарластары неміс болғандығы үшін алалайды екен.

Әсіресе, мұндай көріністер мектептер мен қоғамдық көліктерде жиі байқалады деді Шредер. Ал, Бавария жерінің басшысы Хорст Зеехофер болса министрдің мәлімдемесі толыққанды шықпағандығын айтып, дәл осы күні өзі де баяндама жасады. Оның пікірінше, Германия араб және жалпы мұсылман елдерінен келіп жатқан иммигранттарға есігін жабуы тиіс.

Өткен аптаның соңында BILD газеті мен Das Erste телеарнасы неміс балалары аз оқитын Германия мектептеріндегі кемсітулер мен күш көрсету жайттары жайында мәліметтер жариялаған болатын. Мәселен, оқушыларының 70 пайызын келімсектердің балалары құрайтын Эссен мектептерінде нағыз «германофобия» орнаған деуге болады. Мұнда неміс оқушыларын сыныптастары қорқынышта ұстайды екен. Олар тіпті, жалтақ болып, өз ойларын айтудан үнемі аяқ тартумен болады.

«Әсіресе, Рамазан айының кезінде жағдай ушығады – дейді мектеп мұғалімдерінің бірі. – Сыныптастарының тамағына түкірген жайттар жиі кездеседі ораза кезінде. Әдетте, өзге келгендерді кемсітуші еді, бізде барлығы керісінше».

Берлинде де жағдай мәз емес. Астаналық бір мектептің мұғалімдері оқу ордаларында антинемістік науқан жүріп жатқандығын айтып шағымдануда. Мұнда да неміс жеткіншектерін кемсіту, ұрып-соғу оқиғалары жиі орын алатын көрінеді. Ал, төбелес бола қалған жағдайда, келімсектердің балалары ағаларын немесе өзге туыстарын ертіп келіп, мәселені шешіп жатады екен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!