Мурси сионистерді маймыл мен доңыздың ұрпағы деп атады

Фотография - Мурси сионистерді маймыл мен доңыздың ұрпағы деп атады

Ғаламтор желісінде бүгінгі Мысыр президенті Мұхаммед Мурсидің 2010 жылы берген сұхбаты жарияланды.

275 0

Ғаламтор желісінде бүгінгі Мысыр президенті Мұхаммед Мурсидің 2010 жылы берген сұхбаты жарияланды.

Өз сөзінде ол Израиль мен еврейлер жайында жағымсыз пікірлерін айтқан. Мәселен, сионистерді маймыл мен доңыздың ұрпағы, ал, Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздер – уақытты босқа өлтіру дейді Мурси.

"Әл-Кудс" телеарнасына 2010 жылдың наурыз және қыркүйек айларында берген сұхбатында ол Палестина әкімшілігін сионистер мен американдықтар құрған, палестиналықтармен қарсыласу үшін деп айтқан екен. Бұл жайында NEWSru Israel хабарлады.

Мурси сондай-ақ, бүкіл араб халқын палестиналықтардың "қанын ішіп отырған" еврей қылмыскерлеріне қарсы бірігуге шақырады. Оның айтуынша, арабтар Палестинаның бас көтеру шерулерін қолдауы тиіс.

Бүгінгі Мысыр президенті Израильді мемлекет ретінде мойындамайтындығын да айтқан. Өйткені, Палестина еврейлердің жері емес дейді ол. Айтуынша, Израиль мен Палестина арасындағы дауды бейбіт жолмен шешу тек қана орындалмас қиял.


Тегтер:

сионисттер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!