Ауған әскери формасындағы азамат НАТО қызметкерін өлтірді

Фотография - Ауған әскери формасындағы азамат НАТО қызметкерін өлтірді

деп жазады ВВС Орыс қызметі

207 0

Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО әскери қызметкері қаза болды. Хабарламаға сәйкес, оған оқ атқан азамат Ауғанстан әскери формасында болған. Қастандық жасаған азамат та өлтірілді, деп жазады ВВС Орыс қызметі.

Қазір болған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр, шабуыл жасаған азаматтың мұндай әрекетке бару себептері мен оның қандайда бір бүлікшіл топқа қатыстығы анықталуда.

Мәлімдемені БҰҰ резолюциясы негізінде құрылып, Ауғанстан аумағында 2001 жылдан бастап әрекет етіп келе жатқан халықаралық әскери контингент – қауіпсіздікке қолдау көрсету жөніндегі халықаралық күштердің өкілі жасады.

Контингент әзірге бұдан толығырақ еш ақпарат берген жоқ.

 

bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!