Белфаст қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 60 полицей жарақаттанды

Фотография - Белфаст қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 60 полицей жарақаттанды

Бірнеше көлік өртелген.

169 0

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында бес күнге созылған жаппай тәртіпсіздіктер барысында 60-тан астам полицей жарақат алды.

3 қаңтардан бері оның 100-ге жуық қатысушысы ұсталып, қамауға алынды. Солтүстік Ирландия полициясының бас констебелі Мэтт Бэгготт (Matt Baggott) атап өткеніндей, олардың дені жастар, ал қаладағы тәртіп бұзушылардың арасынан, тіпті 10 жасар балаларды да көз шалуға болады.   

Тәртіпсіздіктерге қатысып жатқан топтар полицеймен де, бір-бірімен де қақтығысып жатыр. Белфаст қалалық кеңесiнiң ғимаратын полицейлер тобы күзетуде. Наразылық білдірушілерді тыныштандыру үшін полицейлер су атқыш құрылғыларды пайдалануда. Бірнеше көлік өртелген.

Аталмыш толқулар Белфаст басшылығы ресми ғимараттарда британдық байрақты тек нақты белгіленген күндерде ғана көтеруді қаулы еткеннен кейін басталды. Шешім 3 желтоқсан күні жасалған және содан бері жергілікті заң шығару органдарында талқыланбаған. Қаулы бойынша, британдық байрақ Белфаст кеңесі ғимаратында 9 қаңтар күні - Кембридж герцогинясі Кейттің туған күнінде көтерілуі тиіс болған.


Тегтер:

тәртіпсіздік

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!