Мексикада Колима жанартауы оянды

Фотография - Мексикада Колима жанартауы оянды

 Қазір аса қауіп төнген аймақтардан тұрғындар жаппай көшірілуге әзір

231 0

Мексикада Колима жанартауы оянып, көкке от пен күл атқылауда. Таудан шашылған тозаң 3 мың метр биіктікке жеткен. Қазір аса қауіп төнген аймақтардан тұрғындар жаппай көшірілуге әзір.

Сондай-ақ, апат салдарынан шаһардағы Невадо-де-Колима ұлттық саябақ уақытша жабылды. Соңғы келіп түскен деректерге қарағанда, жанартаудан атқылаған  күл тіпті, көрші штат Халисконың елдімекендеріне де жеткен. Вулкан соңғы жылдары аса белсенділік танытып келеді. Колима жанартауының осылайша отты сұйықтықты соңғы рет 1913 жылы атқылаған болатын. Ал 2005 жылы вулканның оянуынан маңындағы елдімекендерді тұтас тозаң басып, жергілікті тұрғындар жаппай көшірілген болатын. Зардап шеккендер туралы еш мәлімет жоқ.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!