Жапония Қытайға наразылық нотасын тапсырды

Фотография - Жапония Қытайға наразылық нотасын тапсырды

Даулы аралдар маңында Қытай кемелерінің жүруіне қарсылық білдірген нота тапсырды.

195 0

Жапонияның сыртқы істер министрлігі елдегі Қытай елшісін шақыртып, даулы аралдар маңында Қытай кемелерінің жүруіне қарсылық білдірген нота тапсырды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Акитака Саики Қытай елшісі Чэнь Юнуамен кездесіп, елдің жаңа премьер-министрі Синдзо Абэнің Қытай кемелерінің "Жапонияның территориялық суларына еніп, ұзақ уақыт бойына жүргеніне қатты наразылық білдіріп, енді оның қайталанбауын қатаң талап еткенін" жеткізген.

Қытай Жапонияның бақылауындағы жапон тілінде Сенкаку деп аталатын (қытай тілінде Дяоюйдао) даулы аралға таласып, соңғы уақыттары екі ел арасы шиеленісе түскен. Қытай аралдар маңындағы теңізге осымен бірнеше рет кемелерін жіберіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!