Қытайда сауда орталығы өртенді

Фотография - Қытайда сауда орталығы өртенді

Тілсіз жау тез арада тарап, 10 мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған

184 0

ытайдың Харбин қаласындағы сауда орталықтарының бірінен алапат өрт шықты. Тілсіз жау тез арада тарап, 10 мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Құтқарушылар жалын құшағында қалған 5 қабатты ғимараттан адамдардың барлығын қауіпсіз жерге көшірді.

Тілсіз жаумен ондаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, отты түтін ғимараттың 3-қабатына дейін жетті. Алдын ала болжамдарға қарағанда, апатқа тез тұтанғыш құрылыс заттары себеп болған. Әзірге зардап шеккендер туралы еш мәлімет түскен жоқ. Тергеу тексеру жұмыстары басталды.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!