Бостон әуежайында құны 200 млн. доллар тұратын «Арман лайнері» отқа оранды

Фотография - Бостон әуежайында құны 200 млн. доллар тұратын «Арман лайнері» отқа оранды

 Boeing-787 Dreamliner жолаушылар ұшағы отқа оранды.

177 0

Американдық Бостон қаласының әуежайында жапондық Japan Аirlines әуекомпаниясының екі моторлы реактивті Boeing-787 Dreamliner жолаушылар ұшағы отқа оранды.

Өрт ұшақ жерге қонып, жолаушылар түскеннен кейін басталды, деп хабарлады Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып РБК.

Анықталғандай, оқиғаның орын алуына қосымша энергетикалық жабдық аккумуляторының жарылысы себеп болды.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінен хабарланғандай, түтін ұшақтың кабинасында емес, лайнердің артқы жағында тіркелген, жолаушылар үшін ешбір қауіп болмаған. Бұл оқиға бойынша тексеру амалдары белгіленді.

Айта кетейік, Boeing 787 Dreamliner ұшағының бірінші экземпляры 2007 жылдың шілде айында таныстырылды, лайнерді құрастыру бағдарламасының құны 32 млрд. долларды құрады. Ұшақтың бір экземплярының нарықтық құны кем дегенде 200 млн. долларды құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!