Аятолла ирандықтарды сайлауды сынамауға шақырды

Фотография - Аятолла ирандықтарды сайлауды сынамауға шақырды

Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Әли Хаменей ирандықтарды маусым айында өтетін президент сайлауын сынамауға шақырды

229 0

Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Әли Хаменей ирандықтарды маусым айында өтетін президент сайлауын сынамауға шақырды.

Сейсенбіде жасаған мәлімдемесінде Хаменей сайлауды сынау Тегеранның "жауларына пайдалы екенін" айтты. Ол "тіпті жалпы сайлауға қатысты жай ғана алаңдаушылық білдіргендердің өзі оның жаудың мүддесіне сай келмейтініне мән беруі тиіс" деген ойын білдірді.

Иранда қазір Революциялық кеңестегі консервативтік діншілдер президент сайлауына реформашылдарды қатыстыра ма, әлде қатыстырмай ма деген сауал басы ашық күйі қаліп отыр. Сарапшылар реформашылдар егер оппозиция жетекшілері Мир Хуссейн мен Мехди Каррубиден бойларын аулақ салса, сайлауға қатыстырылуы мүмкін деп санайды.

Мусави мен Карруби 2009 жылғы президент сайлауына түсіп, кейін сайлау нәтижелері мен үкіметке қарсы демонстрацияларда алдыңғы шепте жүрген.

Ол екеуі де "президент Махмуд Ахмединежадтің қайта сайлануы - заңсыз" деген мәлімдемелерінен соң үйқамаққа алынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!