Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі өсуде

Фотография - Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі өсуде

«Еуростат» еуропалық статистикалық агенттігі 2012 жылдың қараша айы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, оларға сәйкес еуро аймағының 17 еліндегі жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың қазан айымен салыстырғанда 0,1 пайыздық деңгейге артып, 11,8 пайызды құрады

130 0

«Еуростат» еуропалық статистикалық агенттігі 2012 жылдың қараша айы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, оларға сәйкес еуро аймағының 17 еліндегі жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың қазан айымен салыстырғанда 0,1 пайыздық деңгейге артып, 11,8 пайызды құрады.

Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Еуростаттың мәліметтерінше, ЕО-ның 27 еліндегі 26 миллион адам және еуроаймақтың 17 мемлекетіндегі 18 миллион адам жұмыссыз болып табылады. 2012 жылдың қазан айымен салыстырғанда ЕО-ның 27 мемлекетіндегі жұмыссыздар саны 154 мың адамға, еуро аймағында  113 мың адамға өсті.

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің арасында жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіштері Австрияда (4,5 пайыз), Люксембургте (5,1 пайыз), Германияда (5,4 пайыз) және Нидерландыда (5,6 пайыз) тіркелді. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі - Испания (26,6 пайыз) мен Грекияда (26,0 пайыз).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!