Бразилия жезөкшелері Әлем чемпионатының алдында тіл үйреніп жатыр

Фотография - Бразилия жезөкшелері Әлем чемпионатының алдында тіл үйреніп жатыр

2014 жылы футболдан өтетін Әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Жазғы Олимпиада алдында бразилиялық жезөкшелер шет елдерден келетін «тұтынушылардың» қызметіне жарау үшін тіл үйреніп жатыр

185 0

2014 жылы футболдан өтетін Әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Жазғы Олимпиада алдында бразилиялық жезөкшелер шет елдерден келетін «тұтынушылардың» қызметіне жарау үшін тіл үйреніп жатыр. Әрине, халықаралық жарыстар өткізер алдында әркім өзінше қуанады. Соның бірі жергілікті жезөкшелер. 

Олар ең біріншіден, ағылшын және француз тілдерін үйреніп жатыр. Бұған Минас-Жерайс штатындағы жезөкшелердің құқығын қорғайтын қауымдастық мұрындық болып отыр. Қауымдастық басшысы Сида Вейраның айтуынша, жезөкшелер Әлем чемпионатына басқа қоғамдық ұйымдардан қалыспай дайындық жүргізуде. Сондай-ақ, Шекспир мен Бальзактың тілін меңгеруге 300 «арудың» дайын екендігін де жеткізген. Қазір курсқа небәрі 20 адам жазылған, алдағы уақытта оның саны анағұрлым артады дейді.

Әзірге, бразилиялық жезөкшелер орыс және қазақ тілін үйренуі мүмкін деген ресми ақпарат жоқ. Кім біледі, халықаралық дода кезінде халықаралық тілді меңгерсе де жарап қалар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!