Индонезия үкіметі туризмді шариғат талаптарына сай дамытпақ

Фотография - Индонезия үкіметі туризмді шариғат талаптарына сай дамытпақ

деп жазады Muslim.kz сайты

138 0

Индонезия үкіметі шариғи талаптарға сай туризм инфрақұрылымын дамытуға шындап көңіл бөлгелі отыр. Себебі, әлем бойынша саяхаттайтын мұсылмандардың қатары жыл сайын еселеп, көбейіп келеді. Сондықтан туристерге арналған нысандарды және олардың қызмет көрсету талаптарын Ислам шарттарына сәйкестендіру керек, деп жазады Muslim.kz сайты.

Басты талаптардың қатарында ер мен әйел адамдардың жеке жүріп-тұруы ескерілмек. Сонымен бірге арақ-шарап, ішімдік пен доңыздан ада адал ас дайындауға айрықша назар аударылады.

Осы мақсатта жергілікті билік құрылымдары жекеменшік нысандағы туристік агенттіктермен, қонақүйлер мен мейрамханалармен біріккен іс-шаралар жоспарын құрып алмақ.

Жалпы санақ бойынша, мұсылман саяхатшылары 2011 жылы әлемдік туризм саласына 126 миллиард доллардан астам пайда әкелген. Ал 2020 жылға қарай бұл кіріс 3,8 пайызға дейін өсуі мүмкін.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!