Ливияның уақытша президентіне қастандық жасалды

Фотография - Ливияның уақытша президентіне қастандық жасалды

Ливияның уақытша президенті және ұлттық парламент жетекшісі Мұхаммед әл-Мағриф өзіне қастаңдық жасалмақ болғанын мәлімдеді.

219 0

Ливияның уақытша президенті және ұлттық парламент жетекшісі Мұхаммед әл-Мағриф өзіне қастаңдық жасалмақ болғанын мәлімдеді.

Саясаткер мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында қастаңдықтан Құдай сақтап қалып, еш зардап шекпегенін айтқан, деп жазады muslim.kz

Президенттің айтуынша, өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген оқиға сенбіге қараған түні, 5 қаңтарда елдің оңтүстігіндегі Себх қаласында болған. Ат басын тіреген қонақ үйге қарулы адамдар баса-көктеп кіріп, күзетшілерімен атысқан көрінеді.

Саясаткердің айтуынша, олардың қанша адам екені және түр-түсі қандай екенін анықтау мүмкін болмаған.

Сондай-ақ, атыс таң атқанша тоқтамай, үш сағатқа созылған. Атыс кезінде оның үш күзетшісі жарақат алған.

2012 жылы, желтоқсанның ортасында әл-Мағриф бастаған Ұлттық ассамблея елдің оңтүстігіндегі шекараны жабатынын және оңтүстіктегі бірқатар аймақты төтенше жағдайда әрекет ететін әскери зона ретінде жариялайтынын айтқан болатын.

Билік мұндай шараларға шөлдегі тайпалардың арасындағы қақтығыстардың жиілеп кетуі себебінен барған. Сондай-ақ, бұл - Ливияға Орталық Африкадан ағылған заңсыз мигранттардың жолын кесу үшін қолға алынған шара екенін естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Әл-Мағриф Себх қаласына жергілікті көсемдермен территорияның мәртебесіне қатысты мәселені талқылау үшін келген көрінеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!