Ошта қырғыздар мен қытай жұмысшылары төбелескен

Фотография - Ошта қырғыздар мен қытай жұмысшылары төбелескен

Қырғызстанның Ош облысында жергілікті тұрғындар мен қытай жұмысшылары арасында төбелес болды.

248 0

Қырғызстанның Ош облысында жергілікті тұрғындар мен қытай жұмысшылары арасында төбелес болды.

Жергілікті полиция өкілінің хабарлауынша, Үзген ауданының Куршаб ауылында бір топ қытай жұмысшылары бір тұрғын ұялы телефон ұрлады деп бірнеше жергілікті тұрғынды күштеп ұстаған. Олар бұған қоса бес полицияны да күштеп ұстаған.

Төбелесте ондаған адам жараланған. Олардың арасында 16 Қытай азаматы мен бес қырғыз полицейі бар.

Полиция тұрғындарды күштеп ұстағандар мен төбелеске қатысы барларға "адамды мәжбүрлеп ұстады", "бұзақылық жасады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" және "билік өкіліне күш қолданды" деген айыптар тағылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!