Хиджабқа тыйым салынды

Фотография - Хиджабқа тыйым салынды

 Бұл жайында елдің мәдениет министрі Хадия Тайик мәлімдеді.

228 0

Норвегия хиджабқа тиым салды. Алайда, жалпыға бірдей емес. Енді полицияда қызмет атқаратын қыз-келіншектер мен әйелдер жұмыс барысында қызметтік киімдерін діни киімге ауыстырып алмауы тиіс. Бұл жайында елдің мәдениет министрі Хадия Тайик мәлімдеді.

Ол Норвегия тарихындағы ең жас әрі ұлты мұсылман мәдениет министрі. Осылайша, Ослода өткен конференцияда Тайик 15 адамнан тұратын үкіметтік комиссияның ұсыныс-баяндамасын сынға алып, оның мемелет саясатына қарсы келетіндігін айтты.

«Комиссияның өкілеттілігі кең. Ол діни рәміздер және діни киімдер мәселесімен айналысады. Ел үкіметі 2009 жылы бұл тақырыпты талқылаған және полиция киімі мен діни рәміздерді бір-біріне байланыстырмауын талап еткен» дейді министр.

Айта кетейік, Хадия Тайик Пәкістаннан көшіп келген иммигранттардың отбасында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы норвегиялық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Мұнан кейін Тайик Еңбек министрлігінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған болатын.


Тегтер:

хиджаб

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!