Сирия көтерілісшілері 48 ирандықты босатты

Фотография - Сирия көтерілісшілері 48 ирандықты босатты

Сирия көтерілісшілері тамыз айында тұтқынға алған 48 ирандықты босатты. Түркиялық Гуманитарлық көмек қорының хабарлауынша, мұның есесіне президент Башар Асадқа жақтас күштер ұстап қамаудағы 2130 көтерілісшіні босатқан

175 0

Сирия көтерілісшілері тамыз айында тұтқынға алған 48 ирандықты босатты. Түркиялық Гуманитарлық көмек қорының хабарлауынша, мұның есесіне президент Башар Асадқа жақтас күштер ұстап қамаудағы 2130 көтерілісшіні босатқан. Иран азаматтары сейсенбіде Дамаскідегі қонақүйлердің бірінде Иран елшісі Мохаммед Реза Шибанимен кездесті.

Тұтқындарды босатуға Катар, Түркия және түркиялық ұйымның дипломатиялық келіссөздері нәтижесінде қол жеткен.

Көтерілісшілер тұтқында болған ирандықтар Сирия әскерилеріне көмек көрсетіп жүрген деп санайды. Бірақ Иран жағы оларды қажылық жасап жүрген шииттер дейді.


Тегеран - Сирия режимінің басты қолдаушысы. Көтерілісшілер Иранның Ислам революциясын қорғау корпусы режимге қарсы күресушілерді басып-жаныштауға белсенді түрде көмектесіп жатыр деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!