Қытайлықтар Қырғызстан заңын құрметтейді

Фотография - Қытайлықтар Қырғызстан заңын құрметтейді

Қытайдың Ош облысындағы консулы Ли Баоцзюнь осы елдегі қытайлықтардың Қырғызстан заңдарын құрметтейтініне уәде берді.

158 0

Қытайдың Ош облысындағы консулы Ли Баоцзюнь осы елдегі қытайлықтардың Қырғызстан заңдарын құрметтейтініне уәде берді.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, консул мұны Ош қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Сүйүн Өмірзақовпен кездескен соң мәлімдеген. Консулдың сөзінше, 9 қаңтарда облыстың Үзген ауданы Куршаб ауылында қытайлық жұмысшылар мен жергілікті қырғыздар арасында болған төбелес "кездейсоқтықтан туындаған".

"Оқиғаның артында қандай да бір арам пиғыл болған жоқ. Біз ол жерде жұмыс істейтін азаматтарымызбен сөйлесіп, оларды Қырғызстанның заңдарын сақтауға міндеттедік"  деді Ли Баоцзюнь. Ол ел аузындағы "төбелеске Қытай түрмелерінде отырған тұтқындар қатысқан" деген сөздерді жоққа шығарып, олардың барлығы елге заңды түрде келген мигранттар екенін айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!