Ұшақты жарамын деп қорқытқан 3 жылға сотталды

Фотография - Ұшақты жарамын деп қорқытқан 3 жылға сотталды

Бейжің соты ұшақты жарып жіберемін деп қорқытқан қытайлық жолаушыны үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті

126 0

Сәрсенбі күні Бейжің соты ұшақты жарып жіберу туралы жалған қорқытушылығы үшін ҚХР азаматшасын үш жыл екі айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

2011 жылдың қазанында Бейжің-Үрімші бағытындағы рейсін орындаған «China United Airlines» компаниясы ұшағының бортында 28 жастағы қытайлық әйел ұшақтың жарылу қаупі туралы хабарлады. Экипаж мүшелері жолаушыны қарусыздандырғаннан кейін ұшақ Ганьсу провинциясындағы әуежайлардың біріне қонды. Ұшақтың ішінде 160-қа жуық жолаушы мен экипаждың 10 мүшесі бар еді.

Оқиғадан соң әуе кемесінің іші тексерілді, жалған «лаңкестің» жүгінің ішінен жарылғыш заттар табылды. Өзінің бұл әрекетін Ван сол арқылы жұбайын қорқытып, кек алмақшы болғанымен түсіндірді.

Оқиғаны тергеу барысында әйелдің психикалық ауытқушылығы бар екені анықталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!