Австралия Иранға жаңа санкциялар салды

Фотография - Австралия Иранға жаңа санкциялар салды

Австралия Иранға "ядролық бағдарламасынан бас тартпай отырғанына байланысты" қарсы жаңа санкциялар салғанын хабарлады

226 0

Австралия Иранға "ядролық бағдарламасынан бас тартпай отырғанына байланысты" қарсы жаңа санкциялар салғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрі Боб Карр бүгін жасаған мәлімдемесінде жаңа санкциялар Иранның қаржы, сауда, энергетика және транспорт салаларына салынғанын айтады.

"Бұл санкциялар Иранға өзінің ядролық қаруды таратпау туралы міндеттемелері мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындауға және ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жүргізуге мәжбүрлейді" дейді ол.

Оның айтуынша, санкциялар Еуропа Одағы мен АҚШ-тың бұған дейін салған санкцияларымен бірдей.

Иран өткен аптада 2012 жылы көмірсутек шикізаты импортының 40 пайызға дейін төмендеп кеткенін хабарлап, оның себебін халықаралық қауымдастық салған санкциялардан көрген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!