Израиль Палестинаға сынық сүйемдей жер бермейтінін мәлімдеді

Фотография - Израиль Палестинаға сынық сүйемдей жер бермейтінін мәлімдеді

Бұл жайында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.

138 0

Бұл жайында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін Каирде Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы мен ХАМАС қозғалысы жетекшісінің кездесуіне орай жасады.

«Біз кеткен аумақты ХАМАС пен ирандықтар жаулап алады. Біз бұған жол бермейміз», – дейді Нетаньяху.

«Бүгінгі күні Әбу Мазен (Аббас) Каирде ХАМАС басшысымен Израиль мемлекетін жоюды қалайтын террористер мен ФАТХ-ты біріктірудің жолдарын іздестіріп жатыр», – деді премьер.

Осыдан бұрын Нетаньяху Израиль мемлекетінің елшілерімен кездесуінде ХАМАС-тың кез келген уақытта Палестина автономиясының билігін тартып алуы мүмкін екендігін айтқан болатын. «Сондықтан, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін мықты кепілдік керек. Палестиналықтар жанжалды түбегейлі шешуі барысында Израильді еврей халқының мемлекеті деп танитын кепілдік қажет, – деп атап өткен ол: – Палестиналық босқындар қайтып оралатын болса, Израиль мемлекеті жойылуы мүмкін», – деді сөзінің соңында. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!