Швейцарияда екі пойыз соқтығысты

Фотография - Швейцарияда екі пойыз соқтығысты

Швейцарияда екі пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

127 0

Бүгін Швейцарияның Нойхаузен-ам-Райнфалль коммунасында, әйгілі Рейн сарқырамасының маңында екі пойыз соқтығысты.

Бұл туралы Victoria Times Colonist ақпарат таратты. Швейцариялық БАҚ-тан хабарланғандай, орын алған оқиға салдарынан 1 адам зардап шекті. Алайда неміс басылымдары куәгелердің сөзіне сілтеме жасай отырып, ондаған адамның зардап шеккенін хабарлауда.

Соқтығысу салдарынан екіқабатты құрам рельстен шығып кетті. Осыдан кейін құтқарушылар екінші локомотивті жеткізіп, оның жолаушыларын қауіпсіз аймаққа көшірді.

Оқиғаның себеп-салдарлары әзірге анықталған жоқ. Теміржолшылар жолдың бұл бағытын қозғалыс үшін жапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!