Пәкістанда жарылыстардан 101 адам мерт болды

Фотография - Пәкістанда жарылыстардан 101 адам мерт болды

Пәкістанның екі қаласында болған үш жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты.

146 0

Пәкістанның екі қаласында болған үш жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты.

Азаттық радиосы Пәкістан қызметінің хабарлауынша, бейсенбіде Белужистан провинциясының орталығы - Кветта қаласында бильярд клубы маңында жарылыс болып, 69 адам опат болған. 100-ден астам адам жараланған.

Сол күні Кветтаның халық көп жиналатын ауданында да болған жарылыстан 11 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған. Полицияның ақпаратына қарағанда, бомба әскери көліктің астына жасырылған.

Ал Мингора қаласына жақын маңдағы Сват қыратында діни құлшылық өтіп жатқан жерде болған жарылыста 21 адам құрбан болған. 80-ен астам адам жараланған.

Кветтадағы 11 адам мерт болған жарылысты ұлтшыл Біріккен белуджилер армиясы ұйымы өз мойнына алды.


Тегтер:

жарылыс болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!