Мектептегі атыс салдарынан екі оқушы жарақат алды

Фотография - Мектептегі атыс салдарынан екі оқушы жарақат алды

Калифорниядағы орта мектептің бірінде жасөспірім бала атыс ұйымдастырып, екі оқушы жарақат алды.

142 0

Калифорниядағы орта мектептің бірінде жасөспірім бала атыс ұйымдастырып, екі оқушы жарақат алды. Олардың біреуі ауыр халде тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. 

Полиция атыс ұйымдастырған 16 жастағы оқушыны қамауға алды. Оның аты-жөні әзірге жарияланбай отыр. Тафт Юньон Хай Скул мектебі Лос-Анджелестен солтүстікке қарай 190 шақырым жердегі Тафт қалашығында орналасқан. Тәртіп сақшылары мектеп ғимаратын 1,5 сағат бой тінтіп, барлық оқушыларды қауіпсіз жерге көшірді. Соңғы кезде АҚШ мектептерінде атыс жиілеп кетті. Естеріңізге сала кетсек, 14 қаңтарда Ньютаун қаласында екі тапанша және винтовкамен қаруланған 20 жастағы Адам Ланза «Сэнди хук» мектебінде атыс ұйымдастырып, 20 бала мен алты ересек адамды атып өлтірген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!