Чехияда президент сайлауы басталды

Фотография - Чехияда президент сайлауы басталды

Чехияда бүгін жалпы халықтық президент сайлауы басталады.

134 0

Чехияда бүгін жалпы халықтық президент сайлауы басталады.

Парламент бес жыл мерзіммен екі рет сайлаған елдің қазіргі президенті, 71 жастағы Вацлав Клаустың өкілеті осы сайлаудан соң аяқталады.

Сайлау қарсаңындағы қоғамдық пікірге қарағанда, сайлауға түсетін тоғыз кандидаттың арасында бұрынғы премьерлер Ян Фишер мен Милош Земан және композитор, денесіне тұтастай татуировка салған Владимир Франстың бәсі жоғары тұр. Тоғыз адамның арасынан ең көп дауыс жинаған екі кандидат екі апта ішінде қайта сайлауға түседі.

Алғаш өтіп отырған жалпыхалықтық сайлауға дауыс беру құқы бар сегіз миллионнан астам адам қатысады. Бұған дейін президентті халық емес, парламенттің қос палатасы сайлап келген еді. Қазіргі президент Вацлав Клаус Еуропа Одағының кейбір бастамаларына қарсы шығып, чехтардың сеніміне кірген еді. 

Чехияда президенттің құзіреті шектеліп бара жатқанымен, ол елдегі бірқатар лауазымды орындардың басшыларын тағайындап, шетелдерге сапарлай алады.

Сайлаудың алғашқы кезеңі екі күнге созылып, 11-12 қаңтарда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!