Чавестің жақтастары жол апатына ұшырады

Фотография - Чавестің жақтастары жол апатына ұшырады

Венесуэланың батысындағы Лара-Сулия тас жолында жүк көлігі мен екі автобус соқтығысып, 11 адам қаза тауып, 75-і жараланды

200 0

Венесуэланың батысындағы Лара-Сулия тас жолында жүк көлігі мен екі автобус соқтығысып, 11 адам қаза тауып, 75-і жараланды. Сулия қаласынан шыққан автобус жолаушылары Каракаста Уго Чавесті қолдау үшін ұйымдастырылған ауқымды жиынға бара жатқан

Бұл шара Мирафлорес президенттік сарайы алдына өтті. Мыңдаған адам ел президенті Чавес пен оның боливарлық социализм құру бағытына сенім білдіретіндіктерін айтып жатты. Жиынға Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі оннан астам елдің мемлекет және үкімет басшылары да қатысты. Олар Чавестің Латын Америкасы аумағындағы рөлін ерекше атап өтті. Мыңдаған адамды біріктірген жиын Венесуэла үкіметінің ұсынысымен ұйымдастырылған.

Бейбіт шерудің басты мақсаты Чавес ізбасарларының мызғымастығын көрсетіп, оппозицияның ел президентінің ауыр халде жатқанын өз мақсатында пайдалануына жол бермеу, - дейді ақпарат құралдары. Қазіргі кезде мемлекет басшысының басты міндеттерін елдің вице-президенті және сыртқы істер министрі Николас Мадуро атқаруда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!