Қытайда көшкін салдарынан 16 адам көз жұмды

Фотография - Қытайда көшкін салдарынан 16 адам көз жұмды

Қытайда көшкін салдарынан 16 адам көз жұмды, 37-сі із-түзсіз жоғалып кетті

264 0

Қытайда көшкін салдарынан 16 адам мерт болды, 37 жергілікті тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Қайғылы оқиға елдің оңтүстік-батысында Юньнань провинциясында орын алған7

Келіп түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда, бүгін таңертең Юньнань провинциясы Чжаотун қалалық округіне қарасты Гаопо ауылының ауданында сел жүрді. Көшкін салдарынан ауылдың барлық үйлері қирады, жергілікті тұрғындар үйінділердің астында қалып қойды. Ауылда бас-аяғы 67 адамнан тұратын 16 отбасы тіркелген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде. Көшкіннің себептері анықталуда.

2012 жылдың қазан айында осы Юньнань елді мекеніне қарасты Чжаотун қалалық округінде көшкіннің салдарынан 18 бала ажал құшқан болатын.


Тегтер:

көшкін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!