Хорватияда бірнеше ірі жарылыс болды

Фотография - Хорватияда бірнеше ірі жарылыс болды

Бүгін Хорватия астанасы Загребте бірнеше ірі жарылыс орын алды

174 0

Бүгін Хорватия астанасы Загребте бірнеше ірі жарылыс орын алды. Жергілікті құқық қорғаушылар хабарлағандай, қайтыс болғандар жоқ. Тек бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға Астана уақытымен сағат 07.30-дар шамасында орын алған көрінеді. Қаланың батыс бөлігінде тұратын тұрғындар екі жарылысты естігендерін айтып отыр. Жарылғыш заттың бірі автобус аялдамасында іске қосылған. Бұл сәтте аялдамада бірнеше адам қоғамдық көлік күтіп тұрыпты. Олардың бірі алған дене жарақатынан аурухана жеткізіліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазіргі жағдайы қалыпты.

Жарылыстың қатты болғандығы сонша, мегаполистің орталығында өмір сүретіндер де оның дауысын естіген. Ал, аялдамадан түк қалмапты.

Оқиғаның мән-жайы туралы билік өкілдері әлі жақ ашқан жоқ. Жарылыс болған аялдама маңы қоршауға алынған, тергеушілер айналаның барлығына тінту жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Осы аптаның сәрсенбісінде де Загреб қаласында үлкен жарылыс болған еді. Белгісіз біреулер жүк поездының астына орнатылған жарылғыш затты жарып, өздері оқиға орнынан бой тасалаған болатын. Абырой болғанда бұл маңайда адам болмай, ешкім зардап шеккен жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!