Грузияда 190 "саяси тұтқын" түрмеден босатылды

Фотография - Грузияда 190 "саяси тұтқын" түрмеден босатылды

Грузияда рақымшылық заңы бойынша жексенбіде түрмелерден 190 тұтқын мерзімінен бұрын босатылды

192 0

Грузияда рақымшылық заңы бойынша жексенбіде түрмелерден 190 тұтқын мерзімінен бұрын босатылды.

Босатылғандардың барлығын парламент өткен жылдың соңында саяси тұтқын деп таныған еді. Босатылған 190 тұтқын 2005-2011 жылдар аралығында оппозициялық саяси қызметтерге қатысы бар деп айыпталып, сотталған еді.

Президент Михаил Саакашвили 27 желтоқсанда рақымшылық заңының "саяси тұтқындар" туралы бөлігіне вето қойған. Бірақ оны парламент ертесіне-ақ көпшілік дауыспен еңсерген. Ал 11 қаңтарда президенттің заңға қол қою мерзімі аяқталған соң, оның орнына парламент спикері Давит Усупашвили қол қойып, заң күшіне енді.

Рақымшылық заңы бойынша алдағы апталарда барлығы 3 мың тұтқын босатылуы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!