Нью-Йорк "түшкірді". АҚШ тұмауға қарсы дабыл қағып жатыр

Фотография - Нью-Йорк "түшкірді". АҚШ тұмауға қарсы дабыл қағып жатыр

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо тұмауға байланысты дабыл қағып, заң қабылдады. Заңда дәрі-дәрмектер тек 18 жастан асқандарға ғана сатылсын делінген. Кейіннен 6 айлық баладан 18 жасқа дейінгілерге де сатылсын деген пәрмен берді

223 0

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо тұмауға байланысты дабыл қағып, заң қабылдады. Заңда дәрі-дәрмектер тек 18 жастан асқандарға ғана сатылсын делінген. Кейіннен 6 айлық баладан 18 жасқа дейінгілерге де сатылсын деген пәрмен берді. 

Нью-Йорк штатында тұмауратқан адамдардың саны 20 мыңға жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда төрт есеге көп. Бұған дейін Бостонда төтенше жағдай қабылданған еді. Онда науқастардың қатары өткен жылғымен салыстырғанда 10 есе көп. Аурудың алдын алу бақылау орталығының хабарлауынша, Америкадағы 50 штаттың 47-ісінде тұмау жайлаған. Тек Калифорния, Миссисипи және Гавай штаттары ғана дін аман.

АҚШ науқастарға байланысты 130 миллион мөлшердегі дәрі бөлді. Оның 120 миллионы осы уақытқа дейін қолданылған. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!