Үндістанда тағы бір әйел жәбірленді

Фотография - Үндістанда тағы бір әйел жәбірленді

Анықталғанындай, бұл жолғы оқиға да автобуспен байланысты екен.

228 0

Үндістанның құқық қорғау органдары елдің солтүстігінде бір топ еркектің әйелге зорлық көрсету фактісін тексеруде. Анықталғанындай, бұл жолғы оқиға да автобуспен байланысты екен.

Кешкісін жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан әйелді автобус жүргізушісі өз аялдамасынан түсірмей үйіне алып кеткен де, достарын шақырып алып топтасып жәбірлеген. Күдіктілердің ұсталғанын хабарлап отыр дереккөздері.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылдың желтоқсанында осыған ұқсас оқиға Үндістанда жаппай наразылық туғызған. 23 жастағы студент қыз үйіне қайтып келе жатқанда автобуста бір топ еркектің зорлығына тап болған еді ол жолы. Топтасқан жігіттер оны ұрып-соғып, зорлап, сосын автобустан лақтырып тастаған. Тәні мен жаны қатар жараланған бойжеткен бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды. Осыдан кейін Үндістан халқы жаппай наразылыққа шығып, қылмыскерлерді аяусыз жазалауды талап еткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!