Рим Папасы жалаңаш қыздарды тамашалады

Фотография - Рим Папасы жалаңаш қыздарды тамашалады

 Төрт қыз Римдегі Әулие Петр ғибадатханасының алдына келіп, үстіндегі киімдерін түгелдей шешіп тастаған.

236 0

Украиналық Femen қозғалысының белсенділері «қызтекелер» мен «еркекшоралардың» құқығын қорғап бас көтерді. Атап айтқанда, осынау қозғалыстың қатарындағы төрт қыз Римдегі Әулие Петр ғибадатханасының алдына келіп, үстіндегі киімдерін түгелдей шешіп тастаған.

Ең қызығы, бұл сәтте Рим Папасы Бенедикт ХVІ аталған ғибадатхананың балконына шығып, жексенбілік мінәжатын жасамақ болған.

Украиндық қыздардың жалаңаш денелерінде «Қызтекелерге үміт артамыз» (На геев уповаем) деген жазулар жазылыпты. Қозғалыс өкілдері осылайша өз әрекеттерімен АҚШ-ты да бір жанап өткендей. Өйткені, американдықтардың ұрандарының бірі «Құдайға үміт артамыз» деп келеді.

Қыздар өздерінің бұл қылықтарын шіркеудің біржынысты некеге қарсы бағыттап отырған саясатына наразылық ретінде ұйымдастырып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!