Греция премьер-министрінің кабинетіне автоматтан оқ жаудырылды

Фотография - Греция премьер-министрінің кабинетіне автоматтан оқ жаудырылды

 Белгісіздер Афинада «Жаңа демократия» партиясының штаб-пәтеріне автоматтық қарудан оқ жаудырды.

114 0

Белгісіздер Афинада «Жаңа демократия» партиясының штаб-пәтеріне автоматтық қарудан оқ жаудырды.

Полицияның берген мәліметтеріне қарағанда, шабуыл жасаушылардың нысанасы елдің қазіргі премьер-министрі Антониос Самарастың кабинеті болды.

Грекиялық БАҚ-тардың хабарлауынша, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні қылмыскерлер ғимаратқа көлікпен келіп, кеңсеге оқ жаудырған. Кейін оқиға орнында полицейлер 9 оқтың ізін тапты. Абырой болғанда төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Таңға жуық қылмыскерлер оқиға орнынан ізін суытқан көліктің жанып кеткен қаңқасы табылды.

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасап үлгерді. Оның сөзіне қарағанда, атыстар грек демократиясына қарсы бағытталған.

Әзірге грекиялық ұйымдардың ешбірі түнгі шабуылды өз мойнына алған жоқ.


Тегтер:

оқ жаудырды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!