Қытайдан жұмбақ нысандар табылды

Фотография - Қытайдан жұмбақ нысандар табылды

Қытай аумағынан құпия нысандар табылды

167 0

Қытай аумағынан құпия нысандар табылды. Оларды ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері ғаламтордағы Google Earth бағдарламасының көмегі арқылы байқап қалған. Алайда, бұл жайт АҚШ жүргізіп жатқан ғарыш жоспарына кедергісін келтіруі мүмкін деп американдық билік өкілдері дабыл қағуда.

Аллен Томпсон Google Earth бағдарламыс арқылы әлемді біраздан бері зерттеп келеді. Ол жуырда үйінде шықпай-ақ Ирандағы құпия ракета орталығын, Гоби шөлінде бірнеше жұмбақ нысандардың бар екендігін анықтаған. Ал, қазір оның назары Қытайдың Қашғар қаласының маңындағы шөлге түсіп отыр.

Құпия нысандар деп отырғанымыз бірнеше бөліктен тұратын ғимарат тектес нысандар. Кейбіреуінің ұзындығы жүз метрден асады және бірі таға пішіндес. Мұны естіген АҚШ билігі қазір үрейленіп отыр. Себебі, Қытай антиспутниктік тәжірибе жұмыстарын жүргізіп жатыр деген сыбыс бірнеше уақыттан бері айтылып келеді.

Екінші бір деректер бойынша, Томпсонның тапқаны жай ғана, қарапайым құрылыс нысаны болуы мүмкін. Өйткені, Қашғар орналасқан өңір ҚХР-ның ерекше экономикалық аймағы болып есептеледі. Жуық арада мұнда жаңа ғимараттар бой көтеріп, мұсылмандардың көне нысандары толықтай бұзылатын болады.

Дегенмен, сарапшылар бүгінгі таңда жұмбақ нысандардың не екендігін анықтай алмай отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!