АҚШ-та хиджабтың америкалық үлгісіне байқау жарияланды

Фотография - АҚШ-та хиджабтың америкалық үлгісіне байқау жарияланды

АҚШ-та тұратын 31 жастағы мұсылман қыз хиджабтың америкалық үлгісін жасауға шешім қабылдады

166 0

АҚШ-та тұратын 31 жастағы мұсылман қыз хиджабтың америкалық үлгісін жасауға шешім қабылдады. muslim.kz сайтының жазуынша осы мақсатта ол ислам дініндегі қыз-келіншектердің заманауи бас киім түрлеріне байқау жариялаған.

Вилмет қаласында тұратын құқық қорғаушысы Шах Кайсеруддин Chicago Tribune газетіне берген сұхбатында:«Бүгінде көптеген қыз-келіншектер араб стиліндегі орамалды тағып жүр. Арабтардың да, малайзиялықтардың да, үнділік мұсылмандардың да киетін шариғат шәлісі бөлек. Ал біз болса, батыстық немесе америкалық үлгідегі жаулықты ойлап таба алмай жүрміз», - деген.

Бұл байқауға осы елдің кез-келген тұрғыны қатыса алады. Әзірге 70 дизайнерден өтініш түскен.

Шах Кайсеруддиннің өзі хиджабты 11 жасынан бастап киеді. Ол Америкадағы мұсылман қыздардың бас киімі кәдімгі көк жеңсілі шалбар сияқты танымал әрі қоғам үшін таңсық болса екен деп армандайды.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!