Әйелді қалай сабау керектігі жайында кітап шықты

Фотография - Әйелді қалай сабау керектігі жайында кітап шықты

Кейбір ислам елдері өзінің қатал заңдарымен өзгелерді таң қалдырудан жалыққан емес. Әсіресе, Иран мен Сауд Арабиясы қоғамындағы әйел мәселесі үнемі шет жақтан сынға ұшырап отырады. Алайда, оған назар аударып отырған екеуі емес, жуырда ғана арабтар да, парсылар әйелдің тәрбиесіне қатысты кітапті жарыса басып шығарды. Онда ер адам өз әйелін қандай жағдайларда ұруға болатындығы жазылған

250 0

Кейбір ислам елдері өзінің қатал заңдарымен өзгелерді таң қалдырудан жалыққан емес. Әсіресе, Иран мен Сауд Арабиясы қоғамындағы әйел мәселесі үнемі шет жақтан сынға ұшырап отырады. Алайда, оған назар аударып отырған екеуі емес, жуырда ғана арабтар да, парсылар әйелдің тәрбиесіне қатысты кітапті жарыса басып шығарды. Онда ер адам өз әйелін қандай жағдайларда ұруға болатындығы жазылған.

«Исламдағы әйел» деп аталатын осынау кітаптың авторы Мұхамед Камаль Мұстафаның айтуынша, әйелді жұқа шыбықпен ұруға болатын көрінеді. Соққы тәнін емес, оның жанын да ауырту керек. Мұстафа ер азаматтарға әйелді бет, төс, іш, бас сынды жанды жерлерден ұру керек деген ақылын да қосқан.

Алайда, автордың бұл пікірімен кей әріптестері келіспей отыр. Отбасы қатынасы жөніндегі сарапшы, доктор Гази Аль-Шимаридің айтуынша, әйелді беттен ұруға мүлдем болмайды. Ал, жалпы сабаған кездің өзінде соққылар жәй және жұмсақ болуы тиіс дейді ол. Сондай-ақ, күйеуі жұбайын ұрмастан бұрын оны ескерту де керек екен, қанша соққы беретіндігін. Саудиялық сарапшы шыбықтың орнына алғашқыда тіс щеткасын, кейінірек шыны ыдыстарды, пышақты немесе ішінде суы бар шөлмекті пайдаланған жөн екендігін айтып отыр.

«Әл-Жазира» телеарнасының «Шариат және өмір» деп аталатын апталық бағдарламасында айтылғандай, жұдырықпен кез-келген әйелді тәрбиелей алмайсың. Тек түсінігі бар қыз-келіншектер ғана мұнан сабақ алуы мүмкін дейді бағдарлама сарапшылары.

Әйелді қандай жағдайда ұру керек? Кітап авторлары бұл сұраққа да жауап берген. Егер жұбайы күйеуін төсекте қанағаттандырмаса немесе жыныстық қатынасқа түсуден бас тартса, түзден келген ерін көтеріңкі көңі-күймен күтіп алмаса, дінге тілі тисе немесе үйден рұқсатсыз шығып кетсе әйелді бір сабап алу керек екен.

Айта кету керек, ислам елдеріндегі ғалымдардың барлығы бұл кітапта айтылған мәселелрмен келіспейді. Көпшілігі әйелдеріне құрметпен қарайтындығын және әйелді ұру ешқандай ислам шарттарына сай келмейтіндігін айтуда.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!